Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

08.07.2022

«Шындық сүйген шайыр». Алматыда ақиық ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның салтанатты ашылуында Халық жазушысына құрмет көрсетіліп, мерейтойына орай сыйлықтар табысталды. Басқосуға түркі мемлекеттерінің Алматыдағы дипломатиялық өкілдері, ақын-жазушылар мен әдебиеттанушы мамандар қатысты. Конференцияда ұлт қайраткерінің төл әдебиетіміз бен қоғам өміріне сіңірген еңбегі туралы баяндамалар оқылды.

Ұлықбек Есдәулет, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Бұл кісінің шығармалары қазақтың атын әлемге жайды. Өзінің көптеген тілдерге аударылған шығармалары арқылы өзінің атын ғана шығарып қойған жоқ,өзінің ұлтының, халқының да жақсы атын шығарып келе жатқан адам.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу