Елімізде балаларды туберкулезге қарсы егу жұмыстары 2-3 айға кешіктіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балаларды туберкулезге қарсы егу жұмыстары 2-3 айға кешіктіріледі

28.08.2019

Елімізде балаларды туберкулезге қарсы егу жұмыстары 2-3 айға кешіктіріледі. Өйткені вакцинамен қамтамасыз етуші жапониялық компания Қазақстандағы өнімін қайтарып алған. Оған себеп – сұйықтық құрамында бөгде заттар табылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты.  Оның сөзінше, енді екпенің жаңа легі Үндістаннан жеткізілмек. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі бұл елмен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жалпы Қазақстанда жыл сайын туберкулезге қарсы 370 мыңнан астам жаңа туған нәресте мен 230 мыңнан астам 6-7 жастағы бала егіледі. 

Людмила Бюрабекова, ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы:

Жапониялық компания биыл шығарған 90 мың партияның 3 құтысынан ғана бөгде зат тапқан. Оның өзінде вакцинаның өзінен емес, қосымша  еріткіш-прекпараттан тығынның бөлшегі шыққан. Сол себепті Жапония өнімді толықтай қайтарып алып жатыр. Ал  бұған дейін егілген вакциналардың бала денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін емес.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу