Халқымыздың ұлттық музыкалық аспабы домбыра көне шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағынаны береді. Аспап әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Оның қоңыр үні құлаққа жағымды әрі жұмсақ. Домбыра пішіні әр жерде әрқалай. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, 7-9 пернелі болса, Батыс Қазақстанда кездесетін жәдігердің шынағы жұмыр, мойны ұзын, 12-14 пернелі болып келеді.
Домбыра аспабында күй орындаудың екі түрі бар: төкпе және шертпе. Шертпе күй Арқа өңірінде, ал, төкпе күй батыс аймағында кең таралған. Қос ішекті аспаптың көшпенділер мәдениетінен алар орны бөлек. Өйткені, халқымыз қуанышын да, мұңын да, бұйрығы мен тілегін де қасиетті қара домбыра арқылы жеткізген. Жалғыздың серігіне айналған, көптің қошеметіне бөленген домбыра бүгінгі таңда кеңінен насихатталуда.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.