Бүгін Астанада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және Қазақстан Баспасөз клубының ұйымдастыруымен Қазақ интернетінде контент жасаушылардың III форумы басталды.
QAZFORUM – бүгінгі күні қазақ тілді онлайн-медианы, онлайн-ресурстар мен digital-коммуникацияларды дамыту мәселелеріне арналған елордадағы жалғыз әрі тиімді алаң.
Форум мақсаты – қазақтілді сапалы контентті арттыру және қазақтілді ғаламтордың көкейтесті мәселелерін шешу жолдарын іздеу.
Медиасарапшылар, журналистер мен блогерлердің басын қосқан шарада спикерлер контент басқарудың заманауи теxнологиялары, ақылды журналистика, хайп-мәдениет феномені және келешек трендтер тақырыбында ой өрбітетін болады.
«Интернеттің қарқынды дамуы коммункация құралдарын бір бағытта тоғыстырып, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа медианың байланысын нығайтуда. Ең бастысы, қазір қазақтілді сайттардың саны да, салмағы да артып келе жатыр. Уақыт талабына сай өз аудиториясын қалыптастырған, бәсекеге бейім, қазақтілді порталдардың да қарасы көбейіп келе жатыр. Осы қарқын жалғасса, біздің мемлекеттік тілдің мәртебесі өседі. Ақпараттық сайттар мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын қалың оқырманға жеткізуге барын салып отыр. Мәселен, Елбасының «Болашаққа бағдар руxани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сынды мақалаларын қалың оқырман өзіміздің сайттар арқылы оқуға мүмкіндік алды. Өйткені, баспасөз беттерін парақтап отыратын оқырман мен мобильді қосымшаларды жиі пайдаланатын оқырмандардың саны қалыптасқаны белгілі. Әлем бір орында тұрған жоқ, түрлі сала жан-жақты дамуда. Сол себепті аудиторияны қызықтырған контент, оқырманға тартымды портал қалыптастыру заман талабы», деді форумды ашқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, министр бүгінде баспасөздің xалықаралық талаптарына сай нақты дерегі бар, қысқа да нұсқа ақпараттың ұтымды екендігін атап өтті. «Осы көшке ілесіп, алға жылжып келе жатқан сайттардың заман талабына сай дамып отыруы заңды құбылыс. Бұл да қазақтілді сайттардың бәсекеге қабілетті екендігінің тағы бір айғағы», деді министр.
Форум демеушілері: «Air Astana», Kcell, Kaspi.kz
QAZFORUM-2018 Тікелей трансляция
Фото: Нұрбек Әлманбетов