Роза Әлқожа: Бұрын әндерімді қызғанатынмын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Әлқожа: Бұрын әндерімді қызғанатынмын

26.11.2018

Әнші, сазгер Роза Әлқожа мен қырғыз елінің әншісі Динара Икеева «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта. Жақында екі әнші бірігіп, Роза Әлқожаның «Қазағым» әніне бейнебаян түсірді.

«Динараны Астанада өткен бір концертте көрдім. Менің «Қазағым» атты әнімді Қырғызстанда орындапты. Халық жақсы қабылдаған екен. Кейін ол мені өз елінде өткен фестивальге шақырды. Сол жерде екеуіміз бейнебаян түсіруге бел будық. Бірақ, ол бейнебаянымыздың таспасын жоғалтып алдық. Кейін екінші рет Алматыға келіп, жаңадан түсірдік.

Өзімізді жамандауға құмармыз. «Қазағым» сондай сәттердегі намыстан туған ән. Біз бәрібір тілімізді, дәстүрімізді сақтап қалған елміз.

Бұрын әндерімді қызғанатынмын. Ән - елдің игілігі, жақсы ән болса, жүрекке жетсе, басқа әншілерге орындауға беремін», - дейді Роза Әлқожа.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу