Роза Рымбаеваның ұлы - Роза Мұқатаеваның продюсері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Рымбаеваның ұлы - Роза Мұқатаеваның продюсері

06.02.2014
Роза Рымбаеваның ұлы - Роза Мұқатаеваның продюсері
 
Танымал әнші, Роза Рымбаеваның ұлы - Әли Оқапов продюсерлік қызметпен айналыспақшы, деп хабарлайды art.gazeta.kz.

Ол Ерлан Әлімовпен бірге «Қазақстан дауысы» жобасына қатысушысы, жас әнші Роза Мұқатаеваға продюсерлік ететін болды.

 
Жас әртіс танымал музыкалық жобадан кейін жеке шығармашылықпен айналысуды жөн деп шешкен. Музыка сыншылары мен жанкүйерлер Әли Оқапов пен Роза Мұқатаеваның бірлесе еңбектенуінен тың дүниелер күтеді.   
 
Әли Оқапов қазақстандықтарға орындаушы ретінде ғана емес, өз композицияларының авторы ретінде де белгілі. Роза Мұқатаева болса, «Х-Фактор» мен «Қазақстан дауысы»музыкалық жобаларына қатысқаннан кейін есімі елге таныла бастаған әнші.

Хабарламаларға жазылу