Әнші, актриса Айгүл Иманбаева «Таңшолпанның» қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
20 қараша күні «АИ» театры өзінің 8-ші мауысымының шымылдығын ашады. Жаңа маусым «20 қарашада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мюзиклімен ашылып, 21 қараша «Менің әйелім - өтірікші» комедиясымен жалғасады.
25 қарашада әншінің жеке поэтикалық концерті өтеді.
«Кеште көп қонақ болмайды. Өйткені, ол - менің әлемім. Айналасы екі-үш сағатта халықпен ішкі сырыңмен, өнеріңмен, энергияңмен өзің бөліскің келеді», дейді өнер иесі.
Әншінің Астанаға қоныс аударып, Шабыт университетінде сабақ беріп келе жатқанына үш жыл уақыт өтті. Ұстаз Айгүл сол студенттерінің жақында үлкен өнерге қосылатынын жеткізді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.