Былғарыдан кәдесый жасайтын шебер Мақсат Мағзұмов: Ұлттық өнерімізді жаңғыртатын жастардың көбейетініне сенімдімін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былғарыдан кәдесый жасайтын шебер Мақсат Мағзұмов: Ұлттық өнерімізді жаңғыртатын жастардың көбейетініне сенімдімін

25.10.2018

Қазақтың қолөнерінде былғарының орны ерекше. Бабаларымыз теріні илеп, тұрмысқа пайдаланған, киім тігіп, кебіс киген. Былғары қазір де құнын жоғалтқан жоқ. Оны өңдеу мен пайдаға жарату заман ағынына қарай өзгерістерге бейімделді.

Қазір былғарыдан кәдесый жасайтындардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі - Мақсат Мағзұмов.

Жастайынан былғарыдан бұйым жасап машықтанған шебердің әрбір бұйымы күнделікті қолданысқа қажет. Заманауи әмиян, қолдорбаларды дәстүрлі оюмен өрнектеп, таза былғарыдан жасайды. Бабалар ізін жалғап жүрген шебер өз түйгенін жас шеберлерге үйретіп, шәкірт тәрбиелеп жүр.

Шебердің айтуынша, оның әр күні ізденіспен өтеді. Тиімді әрі пайдалы этнобизнесті одан әрі дамытудың жаңа қыры табылса, ұлттық өнерімізді жаңғыртатын жастардың көбейетініне сенімі мол.

«Қолөнерге дегені қызығушылығым бала кезден басталды. Мектеп қабырғасында жүріп үйірмелерге, көрмелерге қатыстым. Осылайша, осы салаға келдім. Бұйымдардың бағасы қолжетімді. Сұраныс жақсы» , - дейді шебер.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу