Ұлттық арнада «Көзайым» телехикаясының үшінші маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Көзайым» телехикаясының үшінші маусымы басталды

05.10.2018

Жуырда «Көзайым» телехикаясының 3-ші маусымы жарыққа шықты. Актриса, тележүргізуші, журналист «Көзайым» телехикаясының продюсері Салтанат Қалиева, актриса Ақниет Беласарова, актер Олжас Альжанов Алматы студиясының төрінде қонақ болды.

«Біраз уақыт бұрын осы студияда телехикаяның екінші маусымы туралы сұхбат берген болатынмын. Сондағы сұрақтың бірі – 3 маусым болады ма дегенде көрермен жақсы қабылдап, рейтинг болса түсіреміз дегенмін. Міне енді 3-ші маусымның 5-ші бөлімі болып жатыр. Рейтинг жақсы. Бұл маусымда екі кейіпкер қосылды. Ол Нұрлан Әлімжанов, Олжас Альжанов.

Хикая қызықты аяқталады. Осы жобаға толыққанды өзімді бердім.  Бірақ әр нәрсенің уақыты келіп, аяқталғаны дұрыс», - дейді Салтанат Қалиева.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу