Бүгін Ұлттық арнадан шығатын «Көзайым-2» телехикаясының актерлары «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнадан шығатын «Көзайым-2» телехикаясының актерлары «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

13.11.2017

Бүгін «Көзайым» телехикаясының екінші маусымы көрермендерге жол тартады. Туындының бас продюсері Салтанат Қалиева, актерлары Ақниет Беласарова мен Батыр Байназаров Алматы студиясының төрінде қонақта болды.

«Телехикаяның 2-ші маусымында актерлар құрамы өзгерген жоқ. Тек Көзайым ауысты. Алғашқы Көзайым тұрмыс құрды. Жаңа Көзайымды Ақниет Беласарова сомдайды. Үлкен кастинг өткіздік. Ақниеттің мінезі де фильмдегі Көзайымға келеді. 

Бұл маусым ерекше. Бірінші маусымын көрмеген адам екінші маусымнан не болып жатқанын түсіне алады. Өте қызық драма деп айта аламын. Киноны жазда түсірдік. Телехикаядағы әрбір кейіпкердің тағдыры қиын, ерекше», - дейді Салтанат Қалиева.

«Мен үшін бұл рөл - үлкен жауапкершілік. Кейіпкерімді жақсы көрдім, зерттедім, желісін алып жүруге тырыстым. Мен Көзайымды өзім сезгендей ойнап шықтым. Халықтың алғашқы Көзайыммен салыстыратынына дайынмын. Себебі, көрерменнің Маржанға көзі үйреніп қалған. Ол қалыпты жағдай. Маған да үйренеді», - дейді Ақниет Беласарова.

Хабарламаларға жазылу