«Qazaqstan» телеарнасында «Көзайым» телехикаясының екінші маусымының тұсаукесері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасында «Көзайым» телехикаясының екінші маусымының тұсаукесері

13.11.2017
«Qazaqstan» телеарнасында «Көзайым» телехикаясының екінші маусымының тұсаукесері

13 қарашада «QAZAQSTAN»  Ұлттық телеарнасында көрерменнің ерекше ықыласына ие болған «Көзайым» телехикаясының екінші маусымы басталады. 

Жаң маусымда телекөрермендерді махаббат пен қиындыққа толы тағдыр, достық пен жанұя жайлы жантебірентер қызықты оқиғалар күтеді. Еркебұлан ата-анасымен ренжісіп, бөлек тұруға бел буады. Аяқ астынан оны белгісіз біреулер  тонап, қала сыртында тастап кетеді. 

Ал, Көзайым биіктерді бағындыру үшін алдына қойған мақсаттарына жетуді көздейді. Әлеуметтік жобаларды қолға алып, балалар үйлері мен аз қамтылған азаматтарға көмек береді. Сұлтан өз кезегінде отбасына тиесілі бизнестің  құлдырауын тоқтата алмағанымен, жаңа қадамдарға барады.

Фильмнің режиссері - Жасұлан Пошанов.  Басты рөлдерде: Ақниет Беласарова, Батыр Байназаров, Нұрболат Абдуллин, Ерік Жолжақсынов, Салтанат Қалиева, Райхан Айтқожанова, Азат Сейтметов және Айгүл Иманбаева.

«Көзайым-2» телехикаясын дүйсенбі-бейсенбі сағат 21:45-те, жұма 22:15-те «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу