Жандос Әбдірайымов: «Жаным менің» телехикаясының саундтрегін орындау – үлкен жауапкершілік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандос Әбдірайымов: «Жаным менің» телехикаясының саундтрегін орындау – үлкен жауапкершілік

04.10.2018

Жуырда көрермендерге «Жаным менің» телехикаясы ұсынылған болатын. Телехикаяның саундтрегін орындаған әнші Жандос Әбдірайымов студия қонағы болды.

«Жаным менің» телехикаясының саундрегінің бірнеше нұсқасы жазылған. Менің алдымда бірнеше адамды тыңдаған екен. Кейін маған фильм продюсері Арман Сқабылұлы өзі хабарласып, ән айтуға шақырды. Әнді көңілден шыққанша бірнеше рет жазуға тура келді.

«Ұнатамын мен сені» әнін көп әнші орындаған. Фильмде мен айтқан соң халық әннің авторы мен екен деп ойлап жүр. Тойларда осы әнді айтуымды сұрайды. Фильм жақсы түсірілген.

Биыл екі бейнабаян түсіруді жоспарлап отырмын. Одан басқа тағы екі ән жазылады», - дейді әнші.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу