Абзал Рақымғалиев шешуші кезеңге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абзал Рақымғалиев шешуші кезеңге өтті

14.02.2014
Абзал Рақымғалиев шешуші кезеңге өтті
  Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында ел намысын қорғаған Абзал Рақымғалиев қысқа бағдарламаны сәтті орындады.
 
Төрешілер бағдарлама жиынтығын 29,68 ұпайға, ал жеке элементтердің орындау шеберлігін 34,50 ұпайға бағалады. Нәтижесінде 64,18 ұпайға ие болған Абзал Рақымғалиев шешуші кезеңге жолдама алды.
 
Абзал бүгінгі бәсекеде  «Swing Medley by Big Bad Voodoo Daddy» әуеніне биледі. Ал еркін бағдарламада «Американың бір күні» кинофильмінің саундтрегін таңдаған. Еркін бағдарлама ертең – 20:55-те (Астана уақыты) басталады.
 
Айта кетейік,  қазақстандық спортшыдан кейін мұзайдынға шыққан ресейлік Евгений Плющенко жарыс алдындағы жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл сайыстың жеңісіне басты үміткер болып саналған  Олимпиада чемпионы жарысқа қатысудан бас тартты. Кейін, ол спорттық карьерасын аяқтағаны жөнінде мәлімдеме жасады.
 
Тікелей эфирді «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу