Жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкей 1943 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.
Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.
Оралхан Бөкей журналистикаға Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығымен қадам басқан. 1973 жылы шыққан «Қамшыгер» повестер мен алғашқы әңгімелер жинағы өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен оқырманды бірден баурап әкетті.
Кейін оның «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Мұзтау» әңгімелер мен повестер жинағы шықты. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары, «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері жарық көрді.
Жазушының «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» пьесалары бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.
Оның барлық туындылары қайырымдылық пен зұлымдық, күш пен қайрат, шынайылық және алдамшы рухани құндылықтарды ойлауға бағытталған.
Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Қаламгердің жұмыстары неміс, ағылшын, болгар, қытай, сондай-ақ, ТМД мемлекеттерінің тілдеріне аударылған.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.