Нұрлан Қонысбаев: Ән үшін ұрыс-жанжал болған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Қонысбаев: Ән үшін ұрыс-жанжал болған жоқ

20.09.2018

Әнші Нұрлан Қонысбаев Алматы студиясының төрінде қонақ болды. Өнер иесі өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

Жақында әншінің ән қоржыны «Бақанас – жердің байтағы» атты жаңа бейнебаянмен толықты.

«Топтың тарағанына екі жыл болыпты. 26 жылда айтқан біраз әндеріміз бар. Топ тараған соң әндерді бөліп алғанымыз рас. Бірақ қай ән болса да, айта беруімізге болады. Ән үшін ұрыс-жанжал болған жоқ.

Қазіргі уақытта екі шәкіртім бар. Соларды дайындап жатырмын. Ертеңгі күні мақтан ете алатындай шәкірт тәрбиелегім келеді. Жыл сойына дейін әнжинақ шығарсам ба деймін.

Ойлаған мақсаттарыма жетіп жатырмын»,- дейді әнші. 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу