Қостанайда тапа тал түсте қала ортасында оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тапа тал түсте қала ортасында оқ атылды

25.07.2017

Оқиға Майлин көшесіндегі саунаның бірінде болған. Абырой болғанда атылған оқтан зардап шеккендер жоқ. Кейін бұзақыларды сабасына түсіру үшін оқ атқан күзет қызметкерлері екені анықталды. Олар мұнда демалыс орны қызметкерлерінің шақыруымен жеткен. Ресми мәлімет бойынша, саунаға келген төрт жігіт жанжал шығарып, осы жердің әкімшісіне күш көрсетіпті.  Олар тіпті, шақыруымен келген күзетшілерге де бағынбай жағаласа кеткен.  

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу