«Көзіңдегі мұңды көргім келмейді....» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көзіңдегі мұңды көргім келмейді....»

18.09.2018

Әйел адам қанша қаржы тапса да еркек адам тапқандай болмайды. Еркек адамға қандай мотивация жасау керек?

3 жасынан сахнада жүрген әнші Зарина Омарова «Shanyraq» бағдарламасының қонағы болып, өз оқиғасымен бөлісті.

«Күйеуім қарапайым азамат. Екеуміз алғашында достасып, 2 жылдан кейін отбасын құрдық. Жарымның ең жақсы қасиеті –  ер мінезді. Қыз баласы ерке, нәзік болғандықтан қаталдау, сөз айта білетін азамат керек.

Алғашында отбасымызда табыс көзі аз болды. Бірақ мен қасымдағы азаматтың менен екі есе көбірек табуын қаладым. Ол мен үшін маңызды еді. Соңғы уақытта әйел адамдары күш алып жатыр. Ол жақсы. Бірақ бәрі бір де әйел еркек адамнан төменірек болу керек.

Күйеуімнің қаражат аз табатынын білдім. Бірақ мен үшін оның 100 мың теңгесі үлкен ақша болды. Ақшаның жетіспеуінен әрине ұрыс-керіс болды. Ата-анама хабарласқанды ұнатпады. Қатты сөйлеген кездерім де болды. Бірақ күйеуіме сенемін. Ең бастысы - әйел мен ер адам бір-бірін қолдап отыру керек. Үйде отырсам да күйеуіме қолдау көрсеттім. Бар көңілді күйеуіме, балама арнадым. Кейін күйеуім маған сахнаға шығуыма рұқсат берді. «Сен сахнасыз өмір сүре алмайсың. Көзіңдегі мұңды көргім келмейді», деді ол маған»,- дейді әнші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу