«Енеммен ерегіскім келмейді...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Енеммен ерегіскім келмейді...»

24.07.2015
«Енеммен ерегіскім келмейді...»

Қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас отбасылардың дені  ата-анадан бөлек тұрғанды жөн көреді.  Олардың ойы ата-енемен  алыстан сыйласу  арадағы жақсы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.

Кейбір ата-ана балалардың жеке тұруына өздері жағдай жасайды. Себебі, қартайғанда келініне масыл болғысы келмейді.

Алайда, жалпы  қазақ қоғамында болмаған мұндай жайт қаншалықты дұрыс? Бүгінгі «Әйел бақыты» кейіпкерінің де басында осындай жағдай.

Ол айрандай ұйыған шаңырағы шайқала ма, деп қорқады. Себебі, жуырда қолына енесі көшіп келмек. Алыстан «алдап» сыйласып жүрген үлкен кісімен тіл табыса алмаса, шаңырақтың шырқы бұзылуы әбден мүмкін, дейді.

Жағдайды қалай жақсартуға болады? бүгін 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу