«Shanyraq». Немере баққым келмейді... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shanyraq». Немере баққым келмейді...

13.09.2018

Өздері үшін өмір сүретін ата-әже қазіргі қоғамда жаңалық емес. Бүгінгі бағдарламаның кезекті қонағы - жүзін жасырған келіншек енесінің қылығы туралы мұңын шағып, анасына да айта алмаған сырын ашты. Себебі, анасы қызын құдағиына тапсырып  «еті сенікі, сүйегі менікі» деп басып қойған.

Келіншектің шағымы:   «енем бала қараудан бас тартты». Ал, шаңырақ шайқалмасын деп жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алып, тұрмыс тауқыметін тартып жүрген келіндер қаншама?

Немересіне мейірім төккен әже, келінін әлпештеген ене, жанұясы ұядай жылулыққа толы отбасы. Қайсысын таңдасаң да өз еркің. Бірақ, шаңырақтың шаттығы барлығынан маңызды екенін ұмытпау керек.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу