Бокстан Азияның үш дүркін чемпионы, Риода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит «Tungi studio»-ға қонаққа келді. Қазіргі таңда ол елімізде ғана емес, әлемде 91 келі салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі.
Оның спорттық жолы кикбокспен басталған, содан кейін ғана боксқа келген.
Сонымен бірге, ол өзінің сәттілік құпиясын «жаттығу жасау, жаттықтырушыны тыңдау, өз-өзін жігерлендіруде», деді.
Бағдарлама көңілді нотада өтті. Оның бала кезіндегі суреттері көрсетілді.
Биылғы жылы Василий 24 ақпанда 30 жасқа толды. Сонымен бірге алдағы 2-3 жылда әуесқой бокстан кетпейтінін, алып мақсатына қарай қадам жасайтынын айтты. Өйткені, ол спортты қатты жақсы көреді.
Сондай-ақ, оны Қайрат Әділгереев «Tungi studio»-ның «Қызыл кітабына» енгізді.
Василий Геннадий Головкин мен Альварестің жекпе-жегі туралы сөз қозғады. Бүкіл әлеммен бірге Геннадийден жеңіс күтетінін де айтып өтті. «Егер уақыт кестеме сәйкес келсе, Лас-Вегасқа барып жанкүйерлік етемін» деді ол.
Сондай-ақ, «бокстан кейін немен айналысасыз?» деген сауалға «мүмкін тележүргізуші» деп, әзілдеп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, «Tungi studio» бағдарламасы дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 23:50-де жарыққа шығады.