Жұлдызай Оңдаш: Өмір мен өлімнің арасында қалғанда біраз нәрсені түсіндім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұлдызай Оңдаш: Өмір мен өлімнің арасында қалғанда біраз нәрсені түсіндім

19.11.2018

Қазақтың салты бойынша тұңғыш немере - ата-әженің меншігі. Ата-әжелер көп жағдайда тұңғыш немерелерін бауырына басып, өздеріне алып жатады. Ата-анасын аға-жеңге дегізіп, өздері әке мен ананы алмастыруға тырысады. Бұл - тәлім тәрбие. Алайда көпшілік ежелгі салттың кереғар тұсы көп дейді.

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Тұңғыш бала кімдікі?».

Студия қонақтары Арай Қоңырова, Айсұлтан Жақып, Әйкерім Жақсыбаева өз пікірлерімен бөлісті. Тақырыпқа байланысты қонақ болған кейіпкер Жұлдызай Оңдаш өз оқиғасын айтып берді.

«Туғаннан ата-әжемнің қолында өстім. Әжем 12 баланы дүниеге әкелген. Мен тұңғыш баласының бірінші баласымын. Тұңғыш немересімін. Атам барлық махаббатын берді. Ата-анамнан мені қызғанып отыратын. Анамды бәрібір жақсы көретінмін, бірақ атамның қаталдығынан махаббаттымды көрсете алмадым.

7 жасқа толғанда бөлек шықтық. Сонда да ата-анама үйренісе алмадым. Ата-әжемді сағынып, қимайтынмын. 23 жасыма дейін ата-анамның менің алдымда мәртебесі төмен болған.

Бүгінгі бағдарламаға келген себебім, баланы қатты жақсы көрудің теріс жақтары да болатынын айтқым келеді. Мысалы, мен өзімнің басымнан өткен оқиғаға қарап айта аламын. Өмір мен өлімнің арасында қалғанда біраз нәрсені түсіндім. Үлкен ота жасалды. Атам мені мықты етіп өсірген. Атамның арқасында өз-өзіме сеніп, ауруды жеңдім. Айта кетерім, ота алдында анам менен кешірім сұрап, мені кешіргенін айтты.

Кейін психологтармен жұмыс жасадым. Өзімнің анамды түсінуге тырыстым. Обырды жеңгеніме, екінші өмірге шүкіршілік етемін», - дейді Жұлдызай.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу