Көпбалалы аналар неліктен қоғамнан көмек сұрайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы аналар неліктен қоғамнан көмек сұрайды?

26.11.2018

Көпбалалы болу – бақыт. «Батыр ана» атану қазақтың алтын құрсақты  аналарына жат емес. Алайда, пәтер жағалап, әр үйді жалға алып жүрген отбасы үшін көп баланы бағу оңай емес.  

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Балалы үй базар». Көпбалалы аналар неліктен шырылдап, қоғамнан көмек сұрайды?

Студия қонағы Ақмарал Сейтбекова өз оқиғасымен бөлісті. Ақмаралды 7 баласымен ешкім пәтерге алғысы келмейді. Оның үстіне «ақ қан» ауруына шалдыққан ұлының диагнозына байланысты жиі көшуге тура келеді. Балаларына жеткілікті киім, тамақ алып беру де қиын. Ер жетіп қалған балалары оған намыстанады.

Ақмарал алтын алқа иесі болғанымен, оның пайдасы жоқ. Оны алмаған да. Себебі, балаларының тұрақты тіркеуі жоқ. Аты болмаса, жағдайын түзеуге әсері етпейді.

«Жаңа пәтерге 1 ай бұрын көшіп келдік. Бала көп болған соң пәтер иелері алғысы келмейді. Сондықтан, пәтерді жиі ауыстырып тұрамыз. Жеті балам бар екенін айтқанда шошып кетеді.

Көпбалалы болғаныма өкінбеймін. Маған тек Ердәулетім жазылып, бір баспаналы болсам, одан артық бақыт жоқ.

7 баламның бесеуі оқиды. Бір балам үйден білім алады. Киімі мен аяқ-киімдері түгел емес. Бірі таңертен, бірі түстен кейін оқиды. Сондықтан, киімдерін ауыстырып киеді.

Үкімет көпбалалы болыңдар деп айтқанымен, біздерге жағдай жасамаған», - дейді Ақмарал.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу