Медеу Арынбаев: Жаңа әндердің бағын ашатын - бейнебаян - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медеу Арынбаев: Жаңа әндердің бағын ашатын - бейнебаян

13.09.2018

Әнші Медеу Арынбаев Алматы студиясының қонағы болды. Әнші өнердегі және өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Сахнада жүргеніме 20 жылдан асты. Ән қоржыным екі бейнебаянмен толықты. Бейнебаян түсірмегеніме бес жылдай болыпты. Өйткені клип әншісі емеспін деп ойлағанмын. Бірақ бауырларым, көмекшілерім ұсыныс жасады. Жаңа әндердің бағын ашатын – бейнебаян.

Бейнебаяныма алғашқыда актер іздедім. Әлі ешкім көрмеген, басқа бейнебаянға түспеген болса деп едім. Сөйтсем өзімнің музыкантым жақында үйленейін деп жатыр екен. Актерлік өнері болмаса да қалыңдығы екеуін бейнебаянға түсуге шақырдық.

Бірінші бейнебаян ғашық жастар, екіншісі асыл анама арналған. Біраз әншілердің ішінде анаға арналған әнім болмапты. Сондықтан анамның соңғы жылдарына арнап, ән жаздық. Әндер ұнап, бейнебаяннан көзге жас алдық. Әндерімді Әбдірахман Асылбеков жазып береді. Осы уақытқа дейін 50-ге жуық ән жазып берді.

Ұлым мектеп бітіріп, екінші курстың студенті. Қатал болғым келсе де қатал әке бола алмайды екенмін. Қызым 11-ші сыныпқа барады. Қызыма көп көңіл бөлгім келеді», - дейді өнер иесі.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу