5 қыркүйек күні елімізде «Ulys» журналының тұсаукесері өтті.
Журналдың бас редакторы, журналист Ержан Қалымбай, техникалық директоры Болат Әскерұлы «Таңшолпанда» қонақта болып, журналдың мазмұны, басты мақсаты туралы сөз қозғады.
«Ulys» журналы - ақылды технологияларды қолданған соңғы үлгідегі журнал. Қазір ақпараттық әлемде бәселестік дәуірі. Біз сол бәсекелестікке қабілетті болуымыз керек. Осы мақсатта әлемдегі ең соңғы үлгідегі трендтерді пайдалана отырып, «Ulys» журналын қолға алдық.
Журналдың тағы бір мақсаты – сапалы контент қалыптастыру. Қазақ тілінде ақпараттық-сараптамалық бағытта контент аз. Сондықтан бұл журнал таза қазақ тілінде шығады. Үлкен трендтік, саясатқа қатысты, геостратегияға қатысты тақырыптарды қамтиды. Әсіресе Орта Азия мен Түркі әлеміне басымдық береміз. Журналдың әрбір санында Қазақстан мен Түркі әлеміне қатысты сараптамалық мақалалар мен сұхбаттар жарияланады.
Әзірше журнал тегін. Электронды түрде тіркелуге болады. Сондай-ақ қосымшасын жүктеп алуға болады. Бауырлас елдермен рухани интеграцияны күшейту мақсатында журнал қырғыз, өзбек тілінде шығады», - дейді Ержан Қалымбай.
«Ulys» журналының басқа журналдардан ерекшелігі – ол интерактивті. Бұл журнал мультимедиялы, дыбысы, арнайы эффектілері бар, оқырманға тақырыпты ашып беретіндей құралдар қолданылған. Демек, заманауи тірі журнал десек те болады», - дейді Болат Әскерұлы.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.