Халықаралық журнал жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық журнал жарық көрді

28.04.2014
Халықаралық журнал жарық көрді
  Бұдан былай еліміздегі мұражайлардың тарихы мен ондағы құнды деректер қағазға қатталып, оқырманға ұсынылатын болды. Бүгін Астанада «Қазақстан мұражайларының мұрасы» атты халықаралық журналдың алғашқы нөмірі жарық көрді.
 
Халықаралық деңгейдегі мұндай салалық журнал елімізде тұңғыш рет шығарылып отыр. Басылымның басты ерекшелігі - еліміздегі 150-ден астам мұражайдың бүгінгі тыныс-тіршілігінен ақпар беріп отырады.
 
Екі айда бір рет шығатын журналға ғылыми, зерттеу мақалалары да жарияланатын болады. Басылымның жарық көруіне «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің ұжымы мұрындық болып отыр.
 
Тортай Сәдуақасов, жазушы, «Қазақстан мұражайларының мұрасы» журналы редакция алқасының мүшесі:
Қазақстанға келген адамдар да, өзіміздің ел-жұртымыз да «Атамекен» арқылы мәдени мұралармен танысса, осы журнал арқылы оның мазмұнымен, ондағы халқымыздың бай мұраларымен жете танысып, өз көзімен көріп, сол мәдени мұраның көптеген қасиеттерін бойына сіңіретін болады.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу