«Tansholpan»-да халықаралық әскери ойындар байқауының жеңімпаздары қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tansholpan»-да халықаралық әскери ойындар байқауының жеңімпаздары қонақта

10.09.2018

Қыркүйектің 7-нде  «Tansholpan» бағдарламасында халықаралық әскери ойындар жеңімпаздары – танкші Еламан Бекболатұлы, ұшқыш Көбеген Ерсінтайұлы, сержант Сейіткәрім Нұрсейітқожа қонақта болды.

Армия ойындары - халықаралық ауқымдағы бірегей шара. Әскери ойындар көпшіліктің қызығушылығын тудыру арқылы халықаралық әскери қауымдастықтың, тәжірибе алмасудың жаңа символына және бейбітшілік пен келісімнің кепіліне айналды.

Жыл сайын армия ойындарының бағдарламасына байқаулардың жаңа түрлері енгізіледі. Олардың өткізілетін географиясы кеңейіп, қатысушы елдер саны артып келеді.

Армия ойындары әртүрлі байқаулар бойынша Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Иран  және Қытай елдерінде өтті.

Биылғы әскери ойындар 7 мемлекетте, 35 мемлекеттің қатысуымен ұйымдастырды. Командалар 22 әскери ойын түрінен сайысқа түсті.

Ойындардың арқасында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық қалыптасып қана қоймай,  әскери қызметшілер мен әскерлер арасында шынайы достық пайда болады. Сайысқа қатысушылардың барлығының да дайындықтары мықты.

Жиында әрбір әскери қызметші өзінің кәсіби машығы мен әскери шеберлігін көрсете алды.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамасы жалпы командалық үшінші орынды иеленді, бірінші орында Ресей Федерациясының командасы және екінші орынға Қытай Халық Республикасының әскери қызметшілері жайғасты.

Қазақстанның командасын ұйымдастырушылар көрнекілердің бірі деп танығанын айта кеткен жөн. Қазақстандық армияның абыройы мен беделі үшін түрлер мен әскер тектерінің, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының 300-ге жуық әскери қызметшісі халықаралық аренада бақ сынасты. Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль.

Хабарламаларға жазылу