Аты Денсаулық сақтау министрлігі болғанымен заты, өз аяғымен барған адамды артынша табытпен табалдырықтан шығарып жатқан салаға елдің өкпесі қара қазандай. Қарапайым желідегі аңдатпамыздың астына міне: «Ақшаң болмаса сол жерде өліп кетсең де қарамайды» деп ашумен пікір қалдырған ағайын. Тағы бірі: «Бізде медицина мүлдем жоқ, тіпті, баруға қорқамын, Аллам ауыртпасын ешкімді» деп тілеп дәрігерлердің алдына барудан қарадай қорқып жүр. Оған себеп жоқ емес, 2014-2017 жылдары медицина саласына қатысты 1736 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Демек, мәселе шаш етектен және ол көрсеткіш үшін бір аурухананың басшысын жұмыстан қуғанмен шешіле қоймайды. Қайтпек керек, қателік кімнен? Осы турасында Азамат Бейбітұлының сюжетінде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.