Qareket - Келіннің көз жасы (05.09.2018) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qareket - Келіннің көз жасы (05.09.2018)

05.09.2018

Қыркүйектің 3-нен бастап жаңа маусым бастаған «Qareket» бағдарламасының жаңа айдарларының бірі – «Заң». Кеше эфирге шыққан хабарды Нұрбол Батырбай тізгіндеді.

Бұл хабарға қайнысы соққыға жыққан Махида Оспанова өз басындағы жағдайға араша сұрап, келген еді.

Дәулет Ұзақбаев есімді азаматтың 3,5 000 000 теңге қаржысы ұрланады. Ол жеңгесіне хабарласып, «ақшаның ұрланғанын, кім алғанын анықтау үшін учаскелік милиция шақырып, адамдардан қолтаңба алатынын айтады. Махиданың жеке куәлігін суретке түсіріп жіберуін сұрайды. Махида төлқұжатын суретке түсіріп, қайнысына жібереді.  

Махида кешке жұмыстан шығып, Дәулеттің үйіне барады. Кірген бетте Дәулет оны «ақшаны ұрладың» деп кінәлайды. Махида мойынына алмайды.

Азаматшаны Дәулет Ұзақбаев оқтаумен ұрып, мойындаса ғана тоқтатынын айтады. Махиданың айтуынша, ауыр соққыдан кейін қатты қорқып қалған соң, қылмысты істегедім, 3,5 000 000 теңгені, енесінің алтын бұйымдарын ұрладым деп қолхат жазып береді.

Осыдан кейін, Махиданың ағасы үйге шақырылады. Ағасы келгеннен кейін, Махида қолхатты ұрып жаздырғанын, ақшаны алмағанын айтады. Ағасы қарындасы мұндай ақшаны қолына алса, бұл аймақта қалмайтынын, оның ақшаны алмағанын айтады.

 Ашулы Дәулет оның ағасын да ұрып, басын жарады. Ағасы қашып шығады да, Махида іште қалады.

Сәлден соң, ол көлік тоқтатып, үйіне қайтады. Жедел жәрдем шақырып, ауруханаға барады. Майда тамырлары жарылған, құлағы жыртылған деген диагноз қойылады. Құлағын тіктіріп, қолын, аяғын дәрігерлер емдейді.  

Полиция соққыны қалай алғанын сұрайды. Махида болған оқиғаны айтып береді. Тергеу жүргізіліп, іс сотқа жетеді.

Нәтижесінде Құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімшілік-құқық бұзушылық деп танылып,  5 тәулікке қамауға алыну туралы сот шешімі шығарылады. Бұл іс отбасылық жанжал салдарынан болған іс деп танылып, Дәулет Ұзақбаевтың бұрын сотталмағаны, әйелінің жүктілігі ескеріліп, жаза жеңілдетілген.

Алайда Махида Оспанова бұл шешіммен келіспей, арыз жазбақ болады. Куәлігі Махиданың қолында болмаған соң, ол кері шағым жасай алмайды. Куәлігін азамат Дәулет Ұзақбаев тартып алған, кейін уческелік полицияға тапсырған. Қазір Дәулет Ұзақбаев Махиданың үстінен ақша ұрлады деген айыппен іс қозғап жатыр.

Хабарға заңгер Нұржан Мереев, психолог Маржан Еліқұлова, журналист Елеусіз Камалұлы келді.

Нұржан Мереев заңдық тұрғыдан алғанда, мұның үлкен қылмыс екенін, Қарасай аудандық сотының айыпталушыға өте жеңіл жаза бергенін айтты. Осы істе азаматты қорлау, азаптау баптары бойынша қылмыс жасалған. Бұл бас бостандығынан айыру жазасына дейін баратын қылмыс деді.

Психолог Маржан Еліқұлованың айтуынша, бұл психологиялық тұрғыдан ауыр соққы. Жәбірленушінің жарына өте ауыр. Ол өз әйелін қорғай алмадым деп, жан дүниесін жегі құрттай жейді.

Заңгер Нұржан Мереевтің көмегімен Захида Оспанова істі қайта қозғамақ. Іс дұрыс шешім табады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік, «Qareket» дүйсенбі-жұма аралығында 20:55-те жарыққа шығады.     

Хабарламаларға жазылу