Елорда төріндегі заманауи балалар кітапханасы туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда төріндегі заманауи балалар кітапханасы туралы не білесіз?

09.07.2018

Санақ бойынша Елорданың сол жағалауында тұратын 5-15 жас аралығындағы балалардың саны 48 мыңның шамасында. Ал, оларға арналған ойын-сауық орталықтарынан бөлек білімді жетілдіру орталықтары, кітапхана жоқтың қасы еді.

Биыл осы мәселе шешімін тауып, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен Балалар кітапханасы ашылды. Онда 10 мың дана отандық және шетел әдебиеті мен көркем шығармалар, газет, журналдар, электронды оқулықтар бар, қазақ, орыс шетел тіліндегі ертегілер жинақталған. Баланың зейіні мен білімін дамыту үшін зияткерлік топтар мен рухани бөлімдер де арнайы әзірленген.

Балалар кітапханасында бүлдіршіндерге арналған ойын залы, шығармашылық зал, мобильді кітапхана, оқу залы, мультимедиялық сынып, үйге кітап беретін бөлім бар. Балалар оқулықты тек кітапханада емес, кітапті үйіне 15 күнге дейін алып кете алады.

Одан басқа бұл орталықта тіл үйірмесі, арт-терапия, ертегі-терапия, құммен салу, ата-әже институты шоғырланған. Өнерпаз ата-әжелер балалармен рухани тәрбие беретін мәнді әңгіме жүргізеді.  

Ең бастысы - кітапханада тегін қызмет көрсетіледі.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен  «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

 

Хабарламаларға жазылу