Ауыл мектептерінің жағдайы жақсарып, отандық әдебиет пен кітап шығару ісі өркендейді – Ерлан Қарин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл мектептерінің жағдайы жақсарып, отандық әдебиет пен кітап шығару ісі өркендейді – Ерлан Қарин

01.07.2023

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы іске асады. Ауыл мектептерінің жағдайы жақсарып, өскелең ұрпақты рухани тұрғыдан дамыту, отандық әдебиет пен кітап шығару ісі өркендейді. Бұл туралы Ерлан Қарин желідегі парақшасында жазды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде көтерген бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданғанын айтты. «Археология институтын жаңғырту, Қазақстан тарихына арналған академиялық көптомдықты жарыққа шығару, балалар мен жасөспірімдер және еріктілер ұйымдарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалар бар. Сондай-ақ, жастар арасында құмар ойындар мен есірткінің таралуының алдын алу, оған қарсы жүйелі күрес жүргізу және тағы басқа бастамалар жөніндегі шаралар қарастырылған. «Жалпы, Президенттің Түркістанда сөйлеген сөзі ұзақ мерзімді перспективаға арналған және идеологиялық жаңа жалпыұлттық күн тәртібін белгілеп берді», - деп жазды Ерлан Қарин. 

Хабарламаларға жазылу