Теңдік Изақов – қазақтан шыққан алғашқы нейрохирург. Ғалым Алматыда тұңғыш рет нейрохирургия курсын ұйымдастырып, ми ісіктері мен жарақаттарының алдын алу тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ардагер Елордада құрылғанына 10 жыл толған Ұлттық нейрохирургия орталығын отандық медицинаның ірі табысы деп бағалайды.
Айтулы күнге орай Қазақстан Республикасының нейрохирургтерінің 4-ші конгресі өтті. Негізгі мақсат – соңғы ғылыми әдістерді қолдана отырып, еліміздегі нейрохирургияның даму болашағын айқындау.
«Қазіргі уақытта Ұлттық нейрохирургия орталығы науқастарды шетелге жібермей, біздің орталықта ота жасау мүмкіндігі де мамандар да бар. Соңғы 10 жылдың нәтижесі – жоғары білімді мамандар мен практикалық нәтижелер. Осының арқасында орталықта 250-ден астам шетелдік мамандар қызмет атқарады. Отандық медицина – еліміздің көрсеткіші», - дейді Денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов.
Нейрохирургия саласына үлес қосқан дәрігерлердің ішінде Теңдік Изақовтың орыны бөлек. Аталған жиында дәрігердің еңбегі еленіп, марапатқа ие болды.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.