Сүлеймен Демирел - 90 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүлеймен Демирел - 90 жасқа толды

09.11.2014
Сүлеймен Демирел - 90 жасқа толды

Түркия тарихында экономикалық реформаларымен қалың халықтың қолдауына ие болып, елін жиһанның озық мемлекеттерінің қатарына енуіне зор үлес қосқан Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел - 90 жасқа толды.

Ол түрік үкіметін 5 рет басқарып, Тұрғыт Озалдан кейін ел тізгінін 7 жыл ұстады. Ол азаттығын енді алған Қазақстанға алғаш 1 миллиард доллар көлемінде несие беру идеясын құптаған саясаткерлердің бірі. Мерейтойға орай, сол жақтағы елші Жансейіт Түймебаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ақсақалға арнаған құттықтау хатын оқып берді.

Кейін С.Демирел Ұлттық арнаға арнайы сұхбат берді. «Қазақ пен түріктің достығы- мәңгілікке жалғасады. Себебі, қос халықтың тілі, діні және мәдениеті ортақ, Қазақстанның әр жетістігіне қуанып отырамын»,- деді Сүлеймен Демирел.

Сүлеймен Демирел, Түркия Республикасының 9-шы Президенті:
Қазақстан тәуелсіздігін алғанда мен Түркия үкіметін басқарған едім. Сол кезде Қазақстанмен бірге тәуелсіздігін алған кейбір мемлекеттер қарқынды дамыды, деп айта алмаймын.

Президент Назарбаев қана алдымен экономиканы мықтап қолға алып, елін тығырықтан алып шықты.  Мен 1992 жылы Қазақстанға барғанымда елде бірде-бір кәсіпкер болмады.

Ал, қазіргі жағдайларыңызды қараңыздар. Сіздер нарықтың қатал заңына төтеп бере алатындықтарыңызды дәлелдей білдіңіздер. Халықтың әлеуметтік әлеуеті жақсы. Мемлекет үшін бұл - зор жетістік.

 

Хабарламаларға жазылу