Елмұра Жаңабергенова: Біздің ұлттық кодымыз - жыраулық дәстүрде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елмұра Жаңабергенова: Біздің ұлттық кодымыз - жыраулық дәстүрде

01.07.2018

«Qazaqstan» телеарнасында Ұлттық домбыра күніне орай арнайы шығарылым ұйымдастырылды. «Таңшолпан» бағдарламасының студиясында жыршы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергенова қонақта болып, дәстүрлі өнерімізді ұлықтау керектігін жеткізді.

Елмұра Жаңабергенова домбыраны 3-сыныптан бастап қазіргі кезге дейін серік етіп келеді. Жыршы Сыр мектебінің өкілі болғандықтан, сұхбат барысында жыраулық дәстүрдің аяқ алысына да тоқталып өтті.  

«Бүгін домбыра күні деп бәріміз серпіліп қалдық. Халықтың арасында ұлттық өнерге қатысты насихат көбірек жүрсе, жастардың рухы өшпейді. Біздің ұлттық кодымыз осы - жыраулық дәстүрде», - дейді студия қонағы. 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері қонақкәдеге арнайы жырдан шашу шашып, қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу