Ұлттық музейде «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтеді

29.02.2016
Ұлттық музейде «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтеді

Іс-шара барысында этномәдени дәстүрде дайындалған балалар шығармашылығы орталықтары мен мектеп оқушыларының қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аталмыш фестиваль аясында Астана қаласының орта және музыкалық мектептерінің оқушылары мерекелік концерттерін ұсынады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарында бекіткен №173 Жарлығына сәйкес, 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған бұл мереке ұлттар татулығын бекемдеп, ел бірлігін сақтау мақсатында бекітілген.

Хабарламаларға жазылу