«Таңшолпан». Амандық Көмеков: Жыраулық өнер тектілікті қажет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Амандық Көмеков: Жыраулық өнер тектілікті қажет етеді

15.11.2017

Бүгін белгілі жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Амандық Көмеков және жыршы Елмұра Жаңабергенова шәкірттерімен студия қонағы болды. Өнер иелері жыр тақырыбында әңгіме қозғады. Ал, шәкірттері студияда өнер көрсетті.

«Жыр – идеялогиялық құрал іспеттес. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгісін бүгінгі күнге жеткізген жыраулар.

Жыраулық дәстүрге сәйкес, әр аймаққа сәйкес жырдың әуендері де өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта қазақ жырының ең алдыңғы қатарында кел жатқаны - Сыр өңірінің жыры.

Жырау сөзін жоққа шығарып жүргендер көп. Бұл тектілікті қажет ететін өнер», - дейді Амандық Көмеков.

 

Хабарламаларға жазылу