Бауыржан Болатұлы: Головкинге мүсінін көпшілікке көрсетуге рұқсат алу үшін хат жаздық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Болатұлы: Головкинге мүсінін көпшілікке көрсетуге рұқсат алу үшін хат жаздық

07.06.2018

Жас кәсіпкер, мүсінші Бауыржан Болатұлы студия қонағы болды.

«Негізгі мамандығым – дыбыс жазу. 17 жасымнан ерекше, қайталанбас дүние жасағанды ұнатамын. Ғаламтор жүйесін жетік пайдаланып, біраз нәрсені үйренуге болады. Головкиннің мүсінін 3 рет жасадық. Елімізге келген туристер қазақтың атақты азаматтарын көрсін деген ниетте мүсінді жасау ойға келді.

Өзім Головкиннің жанкүйерімін. Қарапайымдылығы, кәсібилігі оның мүсінін жасауға шабыттандырды. Бірақ, оны өмірде көрген емеспін. Мүсінді видео, суреттен қарап жасадық.

Екі ай уақыт кетті. Маған басқа да жас кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Оның киімі, шашы, тіпті бет-әлпетін жасау біраз еңбекті талап етті.

Головкинге мүсінді көпшілікке көрсетуге рұқсат алу үшін хат жаздық. Қазіргі уақытта жауабын күтіп отырмыз», - дейді қонақ.

 

«Толық нұсқа»

 

Хабарламаларға жазылу