Өскеменде ашылуға рұқсат берліген кинотеатрлар жұмысын бастамай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде ашылуға рұқсат берліген кинотеатрлар жұмысын бастамай отыр

03.06.2020

Шығыс Қазақстандағы кинотеатрларға бүгіннен бастап ашылуға рұқсат берілгенімен, олар жұмысын бастауға асығар емес. Мәселен, аймақтағы жедел штаб залдың жартысын ғана толтырып көрермен қабылдауға және әрбір залда күніне 3 рет қана кино көрсетуге болады деген шешім шығарған. Ал кинотеатр иелерінің айтуынша, мұндай кестемен жұмыс істеу тиімсіз. Қазір олар барлық санитарлық талаптарды ескере отырып, көрермендерді қабылдауға әзірлік үстінде. Сонымен қатар, эпидемиологтарға хат жазып, сеанс санын көбейтуге рұқсат беруді сұрап отыр. Олардың жұмысына қатысты шектеулер жеңілдетілмесе, түскен табыс коммуналдық төлем мен жалақыны төлеуге жетпейді. 

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу