Айбат Кәрібай домбыра жасаумен 12 жасынан айналысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбат Кәрібай домбыра жасаумен 12 жасынан айналысады

04.06.2018

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, әр қазақтың шаңырағында домбыра ілініп тұруы тиіс. Домбыраның 20-дан астам түрі бар. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішінде дамытылып, өзгеріп отырған.

Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8-9, әрі кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады.

Ал, осы домбыра қалай жасалады? Кәсіптен нәсіп тапқан Айбат Кәрібай өнерінің қыр-сырымен бөлісті. Айбат Кәрібай домбыраны 12 жасынан бастап жасайды екен. Осыдан бес жыл бұрын Алтайдың әр жағынан келген. Мамандығы басқа болса да, бұл кәсіпті жайдан-жай таңдамаған.

«Менің арнайы ұстазым болған жоқ. Ес білгелі үйде әкем домбыра жасайтын. Домбыраның ортасында өстік. Әкем домбыра жасаумен қатар, ойнайтын. Әкемнің өнерін көріп, біз оны шертуге, сосын жасауға құмар болдық», - дейді қолөнер шебері.

 

«Толық нұсқа»

Хабарламаларға жазылу