Ләззат Жолдасбекқызы тойбастар сыйлықтарын жасаумен айналысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ләззат Жолдасбекқызы тойбастар сыйлықтарын жасаумен айналысады

02.11.2015
Ләззат Жолдасбекқызы тойбастар сыйлықтарын жасаумен айналысады

Қазақ халқы үшін тойдың орны ерекше. Тойда жасалатын кәделердің бірі – тойбастар. Ол қуаныштың алдағы уақытта да жалғасатынын білдіретін жоралғы. Ләззат Жолдасбекқызы тойбастар сыйлықтарын жасаумен айналысады.  Мұндай  сыйлықтарды ол алғаш рет өзінің ұзатылу тойына жасаған.

«Тойыма безендіру сыйлықтарын өзім қалағандай әрі ерекше етіп жасағым келді. Алғашқы кәдесыйларым өзіме қатты ұнады.  Бұған апкелерімнің көмегі тиді. Бүгінде бұл өнерді отбасылық кәсіп ретінде кеңейтіп жатырмыз»,-дейді Ләззат.

Қазір тойбастарды әркім шама-шарқынша жасайды. Дегенмен, сыйлықтарымыз келген қонақтардың көңілінен шықса, әрі басқа тойларға қарағанда ерекше болып тұрса деген ойдағы той иелері үшін бүгінде көптеген мүмкіндік қарастырылған. Қораптың ішіне салынатын тәттілер үшін отандық компанияларға арнайы тапсырыс беріледі.

«Біз отандық өнімдерді қолдаймыз. Еліміздегі кондитер өнімдерін шығаратын фабрикалармен тығыз қарым-қатынастамыз. Шоколад, печенье сияқты тәттілерді қорапқа саламыз, оның сыртына той иелерінің  суретін де салып береміз»,-дейді шебер.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу