«Не зат?!» жобасының  жүргізушісі Ақсұлтан Қалиев «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Не зат?!» жобасының  жүргізушісі Ақсұлтан Қалиев «Таңшолпанда»

03.06.2018

Вайнер, блогер Ақсұлтан Қалиев «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, жаңалықтарымен бөлісті.

Вайнердің сөзінше, қазіргі қоғамда жастар теледидардан гөрі интернетті көп пайдаланады. «Каналдың контентін жасағанда неге баса мән беру керек?» деген сауалға жас блогер өз ойын білдірді.

«Қазір әркімнің өз каналы бар. Біздің контент ойын-сауықтық, көңіл көтеру бағытын ұстанады және де біз соған назар аударамыз.  Көрермен бізді «YouTube» каналы мен әлеуметтік желілерден «ХаХа шоу» атауымен таба алады. Биыл жазда «YouTube»-та жаңа өнім ұсынамыз», - дейді ол.

Сондай-ақ, Ақсұлтан Қалиев «Не зат?!» шоуының Ұлттық арна эфиріне қалай келгендігімен бөлісіп, жаңа композициясының тұсауын кесті.

Хабарламаларға жазылу