«Мәңгілік ел». Халықаралық ақындар айтысының 1-бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәңгілік ел». Халықаралық ақындар айтысының 1-бөлімі

24.10.2015
«Мәңгілік ел». Халықаралық ақындар айтысының 1-бөлімі

Мемлекеттік деңгейдегі Халықаралық ақындар айтысы «Нұр Отан» партиясының және Жамбыл облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен.

Сөз додасына Қытай, Моңғолия елінің ақындарынан бөлек, еліміздің от ауызды, орақ тілді ақындары Айбек Қалиев, Болатбек Оразбаев, Еркебұлан Қайназар, Мақсат Ақанов, Мейірбек Сұлтанхан, Ринат Зайытов және тағы басқа ақындар қатысқан.

Айтыстың жүргізушісі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Жүрсін Ерман.

Ақындардың сөз сайысын бүгін сағат 15:45-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу