Баспана мәселесін шешудің қандай жолы бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана мәселесін шешудің қандай жолы бар?

26.05.2018

Жылжымайтын мүлік саласындағы бағаны тамыршыдай тап басатын сарапшылар биыл Астанада жаңа үйлердің бағасы өсті, «1 шаршы метрі 330,6 мың теңгеге тең», - дейді. 2018 жылдың наурызында қазақстандықтардың жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату көрсеткіші 4,6 пайызға төмендеген. 1 айда 16,8 мың үй немесе кеңсе ақшаға сатылған.

Сарапшылар нарықтағы бұл құлдырауға мынадай түсініктеме берді, «халық 2018 жылдың екінші жартысында басталатын «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын тосып отыр», - дейді.

Үстіміздегі жылдың сәуірінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Астана қаласы, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында құрылыс қарқыны бәсеңдегенін ескертті. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 8,1 пайызға төмендепті. Баспана мәселесін шешудің қандай жолы бар, қайткенде сіз бен бізге үй алуға болады? Сәбит Әлдебай осы тақырып турасында баяндайды.

 

 

Хабарламаларға жазылу