Шекарада біріккен бақылау орнату ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарада біріккен бақылау орнату ұсынылды

02.11.2017

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай жағдайда реттелуі мүмкін екенін айтты. Аталған комитет төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин шекарадағы жағдай  кеден, салық, фитосанитарлық және көлік тасымалы заңнамаларының өрескел бұзылуынан болып жатқанына тоқталды.

Бұл заңсыздықтарды Қазақстан емес, Еуразиялық экономикалық комиссияның арнайы мониторинг нәтижесі көрсеткен.  Қазір мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Ол үшін екі елдің тиісті органдары бірігіп жұмыс істеуі керек.

Қазақстан тарапы көрші ел үкіметіне нақты үш жұмыс жоспарын ұсынған. Біріншісі - тауарға бірыңғай баға бекіту арқылы бірдей кедендік салық төлеу. Екіншісі - екі ел аймағындығы шекара бекеттерінде бірігіп бақылау жүргізу. Үшінші іс-әрекет жоспары - қос мемлекет өзара тауарлар туралы ақпарат алмасып отыру. Бұл ұсыныстардың барлығы шекарадағы мәселені шешудің жол картасында көрсетілген. Алайда, бұл құжатқа әлі қол қойылмаған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу