Жемқорлық мәселені жеңіл шешудің жолы болмауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлық мәселені жеңіл шешудің жолы болмауы керек

14.08.2014
Жемқорлық  мәселені жеңіл шешудің жолы болмауы керек

«Казпотребнадзор» ҚБ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Талғат Әбдіжаппаров «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарлама жобасында жемқорлықпен күрестің тың тәсілдері ұсынылғанын айтады.

«Бағдарламада жемқорлықпен күрестің қолданыстағыдан өзгеше принциптері мен тәсілдері келтірілген.  Басты назар жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға аударылған. Екіншіден, мемлекет пен қоғамның тең дәрежелі әлеуметтік әріптестік принципі ұсынылған. Бұл ұсыныстарды әлі де дамытуға болады», дейді Талғат Әбдіжаппаров.

Сарапшының айтуынша, ұлттық мүддеге орта және төмен деңгейдегі жемқорлық көріністері қауіп төндіреді. . Оның сөзінше, қазір көпшіліктің санасында жемқорлық мәселені жеңіл шешудің әдісі ретінде қалыптасып қалған.

Бұл халықтың басым көпшілігінде жемқорлық сананың қалыптасуына, мемлекеттік аппараттың, оның ішінде жас кадрлардың құлдырауына алып келеді.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында ағымдағы жылдың шілдесінде 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның жобасын ұсынды

Құжат қалың бұқара талқылап, ұсыныс енгізуі үшін жария етілді. Оған кез келген азаматтың  өз ескертулері мен ұсыныстарын жолдауға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні 420 ұсыныс келіп түскен.

Хабарламаларға жазылу