Қазақстандықтар құмар ойындарға қанша ақшасын құртады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар құмар ойындарға қанша ақшасын құртады?

19.05.2018

2016 жылы қазақстандықтар құмар ойындары мен бәс тігуге 21,9 миллиард теңге жұмсаған. 2015 жылы 23,8 миллиард теңгені ойынға салып от басқан. 2014 жылы 24,5 миллиард теңгені казиноларда қалдырған. Тіпті, баспанасы мен көлігінен айырылып, артынша отбасы мүшелерін бәске тігетін бассыздар туралы да тым көп айтылады.

Біздің қоғамда азықтың ақшасын азартқа айырбастап жүргендер жетіп-артылады. Оған дәлел, дүкендерге кірсең, жылтылдап тұратын ойын автоматтары.

Сарапшылар «казиноларға тапқан-таянғанын ұттыратындар алдымен букмекерлік кеңселерден бастайды», - дейді. Бірінші «тасбақа жарысынан қайсы озып келеді?» деп бәстеседі, кейін ит жарысына ақша тігіп ұтылады. Артынша аяқдоп бастаған түрлі спорттық ойындарға ақша тігеді. Ақыры тақырға отырып тынады. Құмар ойынға құмартқандарды психологтар «ауру» дейді. Оның емі табылған жоқ.  Тақырып туралы Гүлжазира Ғалиқызының сюжетінде.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу