Қоғамдық көлік апаттарының жиілеп кетуінің себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық көлік апаттарының жиілеп кетуінің себебі неде?

12.05.2018

Осыдан тура 6 алты жыл бұрын Астанада 25 тонна жүк көтере алатын кранның бұрылыста жолаушылар автобусын талқандағанын естігенде, елдің «есі екеу, түсі төртеу» болды.  Тал түстегі сол апатта төрт адамның көз жұмғанын білгенде, айтарға уәж болмады. Өкініштісі сол, салонына адамды толтырып тиеп, алып қала ішінде құйғытып жүретін автобус апаттары тым жиілеп кетті.

Бір-бірімен секунд үшін таласып, соғылып жатқандары өз алдына, одан бөлек, аялдамаларды қиратып, жазықсыз жұртты майып қылғандары қаншама. Ол аздай, жүргіншілер жолағындағы жұртты таптап өтердей ызғытатындары бар. Сәуірдің ортасында Алматыда бағдаршамның қызыл түсін елемеген автобус жолдан өтіп бара жатқан 24 жасар бойжеткенді басып кеткен еді. Азаматша сол жерде жантәсілім етті.

Осы тақырыпты «Мәселенің» тілшісі Гүлжазира Ғалиқызы тарқатады.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу