«Ақсауыт». «Фетисова» заставасының қызметі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауыт». «Фетисова» заставасының қызметі

29.04.2018

«Ақсауыт» хабарының бүгінгі шығарылымында «көктем келсе, Каспий маңын торуылдайтын заңсыз аңшыларға тойтарыс беру мүмкін бе?», «батыстан келер қандай қауіп бар?» деген секілді өзекті сұрақтарға жауап ізделді.

Түрікмен бағытын күзететін әскери бөлімдердің қорғанысы күшейтілген. Барлау мәліметтеріне қарағанда Ауғанстандағы «ДАИШ» содырлары көршіміздің шекарасына ауысқан. Қарулы қақтығыстар да орын алған. Егер де көршіміз лаңкестердің басқыншылық әрекетін тоқтата алмаса, Қазақстанға басып кіруі ғажап емес. Сол кезде Маңғыстау өңіріндегі заставаларға тойтаруға тура келеді. «Сондықтан, мүмкіндігінше сақ отырған жөн», - дейді шекарашылар.

Маңғыстау өңіріндегі «Фетисова» заставасының негізгі міндеті - Каспий теңізінің сол қапталындағы шамамен 135 шақырымдай аймақты қадағалап, осы жақтан келетін браконьерлерді құрлыққа шығармай ұстау.

Жалпы, теңізден келетін қауіптің алдын алу «Фетисова» заставасының алдына қойған басты міндеті.

Хабарламаларға жазылу