Бейімбет Майлин туралы 45 сериялы деректі фильм түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейімбет Майлин туралы 45 сериялы деректі фильм түсіріледі

07.11.2014
Бейімбет Майлин туралы 45 сериялы деректі фильм түсіріледі

Алматыда Бейімбет Майлин туралы 45 сериялы деректі фильм түсіріледі. Фильмді түсіруге  Алматыда ашылған Бейімбет Майлин атындағы қоғамдық қор көмектеспек.

Түсірілім жұмыстары 7 қарашада басталады. Бұл үшін жазушының туған жері Қостанай облысы Таранов ауданынан  бір топ делегация келді.

Олардың қатарында жазушы Мейрам, Қуаныш Бақбергеновтер, Тілдерді дамыту орталығының жетекшісі Ақтолқын Кафизова, Мәдениетті дамыту орталығының жетекшісі Светлана Құлжанова бар.

Айта кетейік,  Таранов ауданында жыл басынан бері қаламгердің 120 жылдық мерейтойына орай  бірқатар мәдени шара  ұйымдастырылды.

 

Фото: tengrinews.kz

Хабарламаларға жазылу