Нұржан Тұтов: Жақсы актер болса, театрдың ғұмыры ұзақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Тұтов: Жақсы актер болса, театрдың ғұмыры ұзақ болады

16.04.2018

«Тамаша» ойын-сауық отауының көркемдік жетекшісі, актер, пародист Нұржан Тұтов Алматы студиясының төрінде қонақ болды.

«1978 жылы «Тамаша» Ұлттық арнадан алғаш рет көрсетілді. Биыл әзіл-сықақ отауының 40 жылдығы. Ұлттық арнаның демеуімен, көрсетуімен күзде концерттік бағдарламаға дайындық үстіндеміз. Сахнада алғаш қадам бастаған әртістерімізді, әншілерді қонақ ретінде шақырамыз.

Қазір «Тамашада» ойнайтын жастар көп. Жастарсыз болмайды. Оларға сенемін. Формат басқа, заманға сай, оны мойындау керек. Өйткені, қазір театр көп. Бірақ, бұл - нарықтық заманның талабы. Театр өнеріндегі заңдылық – жақсы актер болса, театрдың ғұмыры ұзақ болады.

Пародия жанры өте қиын. Оны орындай алатын адам керек. Қасымда екі жас актер бар. Актерлік потенциалдары жоғары. Олардың жақсы дүние жасап, жарқ етулері үшін біраз жылдар керек», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу