Жазушы, журналист Таңсұлу Алдабергенқызы студия қонағы болды. Жақында Таңсұлу Алдабергенқызының «Әйелмен әлем әдемі» атты кітабының тұсауы кесілді.
«Жалпы өмірде ана болу оңай емес. Әйел тақырыбы маған жақын. Екі ұл, екі қызым бар. Мен бұл тақырыпқа «Егемен Қазақстан» газетінен «Түркістан» газетіне ауысқанда бет бұрдым. Газетте «Әйел - әлем» клубын ұйымдастырдым.
Шығармашылық өмірге сәби әкелумен бірдей. Өнер адамдарының жұбайларымен жиі кездесіп, араластым. Бұл кітаптарға Есболған Жайсанбаев, Сәбит Мұқановтың келіні Мәриям апай, Райымбек Сейітметов, Жәнібек Дәрменов, Әнуар Молдабеков секілді азаматтардың жұбайларынан алған сұхбаттар кірді.
Әйелдердің тақырыбы бітпейтін дүние. Әйел қоғамда, мемлекетте, құрылыстағы қызметте болса да, көбінесе көлеңкеде қалып қояды. Менің ойлағаным, қыз-келіншектер серпілсін дедім. Ойымнан шықты. », - дейді жазушы.